Шаш жууға арналған құралдар






Шаш жууға арналған қажетті құралдарды қалай таңдау керек? Біріншіден, бұл мақсатқа сабын мүлдем лайықты емес: ол бас терісі мен шаштан қорғағыш сулы липидті эмульсиялық қабатты толығымен жояды. Осындай жуудан соң, шаш тым құрғақ болады, зақымданады, нашар таралады, түтіккен көрінеді. 





Шашқа осындай зиянды бермей, шаштан жиналған май, шаң, түлеген жасушаларды кетіру үшін сусабын арнайы жасалынып шығарылған: оның құрамында шаш пен теріге табиғи жанасатын және сабыннан қарағанда жұмсақ әсер ететін әлсіз қышқылды ортасы бар. 

Сусабынды таңдау үшін қарапайым принципті қолданыңыз: сусабын қаптамасындағы мәтінді мұқият оқып шығыңыз және сіздің шаш типіңізге лайықты сусабынды пайдаланыңыз, сусабынды пайдалануды бастаған соң, нәтижесін салғастырыңыз. Оң нәтижелі сусабын шашты таза, ешқандай май қалдықсыз, жақсы таралатын, көнбіс және бас терісінің тітіркенуінсіз күйде қалдырады. 


Сусабынның сізге лайықты емес екендігін білу үшін бір немесе екі рет пайдаланудың өзі жеткілікті, ал сусабынның дәл өзіңізге арналғандығын білу үшін сусабынмен кем дегенде бір ай бойына тұрақты қолдану керек. 
Сонымен қатар жақсы сусабын шаштың статикасын кетіруі қажет, ең негізгісі – ақуыз, ылғалдылық пен нәрлендіргіш заттардың жоғалған жерін толтыруы тиіс.
Сусабынды уақыт өте келе ауыстыру керек деген, ол – миф: егер өзіңіздің қажеттілігіңізді толық қанағаттандыратын сусабынды тапсаңыз, тек шаш құрылымыңыз өзгерген жағдайда ғана ауыстырған абзал.
Сусабынды пайдаланған соң, шашқа шайғышты жағу тиіс. Ол бірнеше қызмет атқарады: жылдам кептіруге, тарауға мүмкіндік беріп, шашты серпімді етеді. Бірдей маркалы сусабын мен шайғышты пайдаланған жақсы – олар құрамы жағынан бір-біріне сай келеді және шайғыш әрекеті сусабын қызметін максималды әсермен толықтырады. 

Әртүрлі маркалы сусабын мен шайғыш үйлесімі шашқа пайдалы емес және кейбір жағдайда аллергия тудыруы мүмкін. Көбіне шайғыш 2-уі 1-де сусабындарында ұамтылады, бұл «ұқсас» нұсқа, ал дара шайғышты пайдалану әсері ерекше болады. 
Зақымдалған шашты қалыптастыруға арналған арнайы жылдам емдегіш құралдар бар – олар шашты жазады, шаш фолликулын қалыптастырады, қоректендіреді және жылдам әрі жеңіл түрде қалыптастыратын әсері болады.

Ұзақ, толық әрі терең емдеу әсері үшін маскалар ойлап табылған – олар аптасын 1-2 рет 15-20 мин шашқа жағылады.

Шаш күтімі басқа дене мүшесін күткен сияқты өмірлік іс-әрекет екенін түсіну маңызды.  Шашты бір немесе бірнеше ай күтіп, сонан соң шаш өмір соңына дейін сауыққан болады деген үмітпен күтімді тастап кетпеу керек. Мұқияттап жалғастырыңыз, шашыңызды күтімсіз қалдырмаңыз.




Шашқа арналған күтімдерді тиімді бағамен strawberrynet.com сайтынан таба аласыз.



Улыбаемся и мажем - C-Dermic от псориаза
Как надолго избавиться от герпеса
Eco Slim борется не с лишним весом, а с вашими деньгами
Если вам мешают деньги, выбросьте их на ветер или купите БАДы Визион
Осторожно - Ламинарин!
ПАПИЛАЙТ – это не просто бородавочный лохотрон. ПАПИЛАЙТ –ЭТО ОПАСНО ДЛЯ ЖИЗНИ!
Идеал метод Тойча - идеальный лохотрон
Правда о рекламируемых лекарствах
Новинка препарат Детоксик: лекарство от паразитов или развод?
Простонор или как лечить и не вылечить простатит

Комментарии

Популярные сообщения