ТҮПНҰСҚА ХОШ ИІССУДЫҢ ЖАЛҒАН ӨНІМНЕН АЙЫРМАШЫЛЫҒЫН ҚАЛАЙ БАЙҚАУҒА БОЛАДЫ
- дүкеннің сататын заттар ауқымына көңіл бөліңіз, негізінен танымал хош иістерді, атап айтқанда 50 және 100мл көлеміндегі флакондардың жасандыларын шығарады – одан төменгі көлемдер, 30 және миниатюраларды жасаудың пайдасы жоқ, сонымен қатар арнайы көлемдер 40, 60, 65, және 90мл қатысты. Сынақ флакондарды сатып алған кезде еш қорықпаңыз, өйткені олардың дубликаттары жоқ.
- штрих-кодтарға келетін болсақ, бұл жерде сұрақ қа жауап беру қиындау. Көбінің ойынша, мысалы, кодтары бірінші 3 саны – Франциядан шыққан дегенді білдіреді, яғни, түпнұсқа, бірақ бұл жерде ойлану керек, егер қаптамасы, флаконы толығымен жасанды болса, хош иісте жасанды болса, неге штрих-кодын да жасанды етпеске?
Өйткені интернетте Франция өнімдері 3 санына басталатыны айдан анық жазылған емес пе? ))) штрих-кодтарды тексеретін бағдарламалар 100 пайызға дұрыс нәтиже бермейді, штрих-кодтарды жасайды немесе жай ғана базасынан ұрлайды.
Қайта кодталған өнім – көбінің ойынша, егер штрих-код қайта соғылса, онда ол - 100% жасанды, бұл жерде бұның керісінше екендігімен сізді сендіргіміз келеді! Ойланыңызшы, жасанды өнім елге заңсыз кіргізіледі, яғни, ол үшін ақша төленеді, осы жерде кодты қайта соғу керек пе?
Кейбір штрих-коды жыртылған қорапқа тап болсаңыз, (айтпақшы кейінгі кезде қайта кодталған өнім саны азайған) егер партия нөмірі жыртылған немесе/және түстес қағазбен желімденген болса, онда ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ, қолыңыздағы зат - 100% түпнұсқа. Аңғарғыш кісі EAN-13 (Санды штрих-код) арқылы өндірілген жерін айқындай алады. Әдетте партия нөмірі өшіріледі. Осыдан қорытынды шығарсақ: жасанды өнімге кодты қайта басудың пайдасы жоқ.
- Қорабтағы арабша жазулар тауардың жасанды екенін білдірмейді.
Ол дегеніміз, тауар басқа ел дистрибьютерінен сатып алынған және бұндай өнімдер көбіне кейбір елдердің дьюти-фри дүкенінде болады
- Кейбір дүкендер өндіруші зауыттан алынған сертификаттар мен келісім-шарттардың бар екендігі туралы аңыздар айтады, мысалы, Франция және Италия зауыттарының бергендігі 99 пайызға өтірік. Түпнұсқа өнім туралы сертификат өндіруші елді көрсетеді, зауыт берген тікелей құжат болып табылмайды. Ондай сертификаттар бары рас, эксклюзивті/өте қымбат таңдаулы хош иістерге беріледі, бұндай зауытпен келіскен келісім-шарттар негізінен Батыс Еуропа, Англия елдеріндегі дистрибьютор дүкендерге беріледі.
- Целлофандағы орам – түпнұсқадан жасанды өнімді айырудың бір нышаны болуы мүмкін, бірақ, біріншіден, кейбір хош иістерді өндірушілер целофансыз шығарады (мысалы, Hugo Boss Boss), екнішіден, сапалы жасанды өнім көптен бері целлофанда шығарылады, ерекшелігі жинақылық пен тығыздығында, түпнұсқа өнімдердің целлофан қабы өте жұқа және мұқият аздап қана тартылған.
- Түпнұсқа емес хош иістерді айқындаудағы сипаттың бірі – қаптама мен флакон. Егер жасанды өнім сапасы нашар болса, онда жазудағы бұлдырау, нашар және бұрыс түс үйлесімділігі, флакондағы бұдыр немесе ішіндегі ауа көпіршікті оңай-ақ байқауға болады, дегенмен, өкіншке орай технологияның дамуы соншалықты, бұндай сипаттарды түзеп, едәуір түпнұсқаға жақын үлгіде жасауда, әрине бұндай «сапалы» жасанды өнімдер жақсы сатылуда.
- Түпнұсқа да, жасанды өнім де ағып кетуі мүмкін. Егер түпнұсқа ақса, ол – ақау және оны жаңасымен сізге ауыстырып береді, ал егер жасанды өнім ақса, оны сізге ешкім де ауыстырп бермейді.
- Негізгі сипат, ол – ХОШ ИІС және ТҰРАҚТЫЛЫҚ! Дегенмен иіс сіздің есіңізде қағандай болып көрінбеуі мүмкін.
Бұл деген сіз жасанды өнімге тап болдыңыз деген сөз емес, хош иіс қоршаған орта мен денеге қатысты аздап өзгеріске ұшырауы мүмкін, соынмен қатар психологиялық қабылдау тұсын да тыс қалдырмау қажет, және кейбір жағдайда өндіруші хош иіс формуласын өзгертеді, ал тұтынушы бұны жасанды деп тануы мүмкін. Тек кейбір тұтынушылар ғана өндірушінің ресми сайтына кіріп, негізгі нотасының ауысқанын оөып біле алады, ал кейбіреулері дүкен туралы жаман қауесет жіберуі мүмкін. Жасанды хош иіске келетін болсақ, түпнұсқаның негізгі нотасын айқындау қиын емес, ал түпнұсқаның ТОЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӨНДІРІСІН техникалық, финанстық жағдайларының жетіспеушілігінен толық қайталай алмайды. Сол себепті, «көшірмесін» жасау үшін бір негізгі нотасын алады да, қалғанын арзан әрі сапасыз шикізаттан қалыптастырады, бұл жақсы жасалған жасанды өнім жағдайында, ал нашар жағдайында теріде аллергиялық реакция тударытн химиялық белсенді компоненттерді шашуыңыз мүмкін. Бір және бірнеше боямалы ноталар хош иісті танитын адамдар үшін үлкен мәселе емес!
Осы және басқа өнімдерді тиімді бағамен strawberrynet.com сайтынан таба аласыз.
Правда о рекламируемых лекарствах
Осторожно - Ламинарин!
Улыбаемся и мажем - C-Dermic от псориаза
Наука не знает всего
Осторожно! - Aire Bra
Матриламин - это очередной развод!
Линекс от дисбактериоза – лечим несуществующую болезнь БАДом-пустышкой
Правдивый обзор на препарат Токсорбин от паразитов
Chocolate Slim – очередной вымысел с целью заработать
Сольвенций - без противопоказаний, без побочных эффектов и без пользы
Комментарии
Отправить комментарий